Швейцария- қонақжайлылық пен қонақ үйдің басқармасы, туризм және әлемдік бизнес саласындағы білім орталығы

Швейцария елі өзіне тұрақтылық , қауіпсіздік атауларын иемдене отырып,  қонақ үй, туризм және әлемдік бизнес саласында білім алуға құштар әр халық білімгерлерінің ғана емес, спорттық инфрақұрылымның шоғырланған жері болып табылады. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Үйі, Әлемдік Сауда Ұйымы және Олимпиада Комитеті сынды халықаралық ұйымдар да осында орналасқан.

Қонақжайлылық және қонақ үйдің басқармасы ұғымдарының тамыры Швейцариядан шыққын деседи. Сонау 1864 жылдары Ұлыбританияның туристтері осы елге жазғы демалысқа және шаңғы тебуге келе бастағанда өркенді туристік сауда көбісі осы күнге дейін сақталған халықаралық қонақ үйлерді туғызды. Кәсіби білімі бар жұмыскерлерге деген жедел қажеттілік 1893 жылы Швейцариядағы бірінші қонақ үй мектебінің ашылуына алып келді. Осыдан кейін "Швейцариялық тәлім-тәрбие" деген сөз білім алып жүрген персонал мен менеджерлердін арасында айтылатын мақалға айналды. Бүгінгі күнде ғаламдық қонақ үй өнеркәсібіндегі алдыңғы қатарлы мамандар осы швейцариялық қонақ үй мектебінің түлектері болып табылады.

 "Швейцариялық тәлім-тәрбие"- асқан тәлім-тәрбие синонимі болып табылады.
 

Неліктен Люцерн?

Люцерн- Швейцарияның орталық бөлігінде орналасқан ең таза және ең қауіпсіз қалалардың бірі. Оның қазіргі заманауи транспорттық жуйесі бұл қаланы тек Люцерннің түкпір - түкпірімен ғана емес, сондай ақ, Еуропамен де байланыстырып жатыр.

Швейцария туризмінің астанасы деп аталуы да тек емес. Дәл осы дерек біздің оқу орнының сапасын бірталай толықтырады. Себебі мектеп оқытушылары қонақжайлылық пен туризм жайында дәріс бергенде әр студент осындай оқу орындарының өркендей даму тарихын еріксіз байқайды. Ал өздері тәлім алып жүрген саладағы бизнес структуралардың дамуының куәгерлері болған студенттер сабақ барысында талқыланатын бизнес ұғымдарын жақсы түсінері хақ.

 

Неліктен Бизнес және Конақ Үй басқармасының мектебі?

Біздің мақсаттарымыз:

  • Біз тек Швейцария ғана емес, сондай ақ бүкіл әлемдегі алдыңғы қатарлы Бизнес және Конақ Үй басқармасының мектептерінің қатарында болу нысанасын дәлдеп отырмыз.
  • Біз өз білімгерлерімізге Конақ үй, Қонақжайлылық, Туризм және Ғаламдық басқарма саласында жоғары сапалы және қажеті мол білім беруге барымызды саламыз.
  • Білімгерлеріміз біздің мектебімізде салыстырмалы түрде төмен ақыға жоғары сапалы білім ала алатынына сенімді.
  • Біз өз студенттеріміздің бойына Швейцария халқына тән  зейінділік, сенімділік және еңбексүйгіштік сияқты мінез -құлықтарды дарытқымыз келеді.
  • Біз білімгерлерімізді өз ісінің алдыңғы қатарлы маманы қылып шығарамыз.

 

Швейцарияда өтілетін кепілді тәжірибелер

Әр оқу жылының 6 айын білімгерлер төлемелі тәжірибелерге арнайды. Және де білімгерлердің айлық жалақысы 2168 швейцария франкын құрайды ( бұл шамамен 1750 Ұлыбритания фунты)

Бизнес және Конақ Үй басқармасы мектебінің серіктесі болып табылатын 150 компания білімгерлерді сабақ барысындағы тәжірибелер кезінде жұмыспен қамтамасыз етіп отырады. Білімгерлер мектеп қабырғасында алған теориялық және практикалық білімдерін өз саласындағы білікті маманға айналу үшін қолданатынына кепілдік беріледі.

 

Сізді қазіргі күннің кәсіби әлеміне дайындайтын бағдарламалар:

Бизнес және Конақ Үй басқармасының мектебі төменгі бағдарламаларды  ұсынады:

  • Қонақ Үй басқармасы мамандығы бойынша Диплом ( 2 жылдық Қонақ Үй басқармасы мамандығы бойынша Жоғарғы Дипломның 1ші жылы)
  • Қонақ Үй басқармасы мамандығы бойынша Жоғарғы Диплом ( 2 жылдық Қонақ Үй басқармасы мамандығы бойынша Жоғарғы Дипломның 2ші жылы)
  • Қонақжайлылық және Конақ үй басқармасы мамандығы бойынша Бакалавр дәрежесі
  • Қонақ Үй басқармасы мамандығы бойынша Ғылыми Дәрежелі Диплом
  • Қонақ Үй басқармасы мамандығы бойынша Бизнес Басқармасының Магистрі дәрежесі
  • Аспаздық Іс басқармасы мамандығы бойынша Диплом
  • Аспаздық Іс басқармасы мамандығы бойынша Озық Диплом
  • Университетте оқу үшін қолданылатын ағылшын тілін оқу бағдарламасы бойынша Сертификаты
     

 

Кепілдендірілген Оқу Бағдарламалары:

  • Біздің Қонақжайлылық және Конақ үй басқармасы мамандығы бойынша Бакалавр бағдарламасы Шотландияның ең үздік аталатын Роберт Гордон Университетімен кепілдендірілген.
  • Біздің  Қонақ Үй басқармасы мамандығы бойынша Бизнес Басқармасының Магистрі бағдарламасы АҚШ-тың Сити Университетімен кепілдендірілген.
     

 

Оқу аяқталғаннан кейін білімгерлерді жұмыспен қамтамасыз ету

Біз өз білімгерлерімізге оқу аяқталғаннан кейін АҚШ, Ұлыбритания, Дубай, Бірлескен Араб Эмираттарында және де тағы басқа сыртқы елдерде жұмыс табуына көмек көрсетеміз.